19.04.2017, 16:32
Оқылды: 23

Қазталов сотында жыл басынан 54 әкімшілік іс қозғалған

Kaztalov sot jymisi  19 сәуір күні Қазталов аудандық сотында 2017 жылдың бірінші жартыжылдығының жұмысы қорытындыланды. Қазталов аудандық сотының төрағасы Райбек Хайырбеков қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша статистикалық мәліметтер келтіре отырып  баяндама жасады.

    Қазталов аудандық сотына 2017 жылдың 1 тоқсанында  54 әкімшілік, 43 арыз түсіп  азаматтық іс қозғалған.


  Әкімшілік жаза қолдану туралы 54  қаулының: айыппұл-9, қамауға алу-30, арнайы құқығынан айыру-3 әкімшілік істі қысқарту туралы 12  қаулы шығарылған. Айыппұл сомасы 851145 теңге құрап, оның ішінде 136950 теңге айыппұл әкімшілік жауапкершілікке тартылушылардың өз еркімен төленген.

   Сондай-ақ осы мерзімде 35 азаматтық іс, 6 тұлғаға қатысты 5 қылмыстық іс түсіп,  5 тұлғаға қатысты 4 қылмыстық іс қаралған. Барлық істер бойынша айыптау үкімі шығарылған.

   «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау» заңының шығуына байланысты жазадан босату және жазаның мерзімін қысқарту туралы барлығы 22 материал қаралып, пробация қызметінің ұсынысы қанағаттандырылған.

Қайрат ЖАҚЫП

 Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале