10.11.2017, 17:21
Оқылды: 18

Қазталов театры – І орын

23316310_342257056184189_512180071517871568_nОблыс орталығында өткен Х.Бөкееваның туғанына 100 жыл толуына орай өткізілген аудандық xалық театрлары байқауында С.Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығы жанындағы xалық театры 1-орынға ие болды.

Театрдың белді мүшесі Мирлан Нұролла "Ең жас актер" дипломымен марапатталды. Сонымен қатар театрда өнер көрсеткен А.Оразбаева мектебінің оқушыларына көрермендер тәнті болып, «Хадиша апамыздың ізбасарлары Сарыөзеннен шығып жатыр екен, болашақтары бар» деп риясыз тілектерін білдіргенін айтқан жөн.

Әсем  БОЛАТ,

Қазталов ауданы

 
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале