30.11.2018, 15:09
Оқылды: 63

Қазталов жұртшылығы әлем чемпионы Нұрбол Серіковті қарсы алды

Қазталов жұртшылығы 2018 жылы Румыния астанасында өткен Самбо күресінен әлем біріншілігінің жеңімпазы Нұрбол Серіковті қарсы алды. Әлем біріншілігінің чемпионына аудан халқының ықыласы ерекше болды. Ел мақтанышы аудан әкімі Абат Шыныбековтің қабылдауында болды.

IMG_2100

-Бүгін аудан үшін ерекше күн. Мереке қарсанында чемпионды қабылдап отырмыз. Шағын ғана ауылдан түлеп ұшқан азаматтың мұндай жеңісі – біз үшін мәртебе. Осындай жеңісті күнде көк байрақты желбіреткен сізді жас ұрпақ үлгі тұтады. Өзіңізбен бірге бапкерлеріңіз де келіп отыр. Бұл кісілерге де алғыс айтқым келеді. Спортшыны бапқа келтіріп, додаға салудың өзі өнер. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында Нұрболдың бағы жанды, - деді аудан әкімі.

          Чемпион мен оның жаттықтырушыларына аудан әкімінің атынан алғысхат пен сыйлық табысталды.

IMG_2051 IMG_2055 IMG_2083 IMG_2088 IMG_2105 IMG_2106

Гүлнұр ҚАЗБЕК,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале