5.07.2017, 17:41
Оқылды: 32

Қазталовта 100 орындық интернат салынуда

IMG_70424 шілде күні «Нұр Отан» партиясы Қазталов аудандық филиалының фракция жанындағы комиссия мүшелері аудан орталығындағы құрылыс нысандарын аралады.


Бұл комиссияның құрамына кіретін аудандық мәслихат депутаттары және аудандағы салалық мекеме басшылары аудандағы салынып жатқан 100 орындық интернаттың және коммуналдық-жалға берілетін 22 үйдің құрылысы жұмыстарымен танысты.

Комиссия мүшелері нысандарды аралау барысында құрылыс жұмыстарының мерзімге сәйкес бітуі және бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын туралы ақпарлар жинады.

Қайрат ЖАҚЫП,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале