30.11.2019, 19:14
Оқылды: 310

Қазталовта 12 үйдің кілті табысталды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Қазталов ауданы орталығында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Шарафутдинов көшесі бойынан жаңадан салынған 2 қабатты, 12 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.

IMG-20191130-WA0116-800x450

Құрылыс-монтаж жұмысына 112 млн. теңге жұмсалған.
Пәтер 12 отбасыға берілсе, оның 8-і көп балалы отбасы. Қазталовтықтардың қуанышына Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев ортақтасып, пәтер кілтін табыстады.

IMG-20191130-WA0118-800x534

-Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын. Осындай қуанышты күндер көп болсын. «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» бағдарламалары аясында халықтың игілі үшін бірқатар жұмыстар атқарылды. Бүгін аудандарыңызға 12 пәтерлі үйдің жаңа иелерінің қуаныштарымен ортақтасу үшін келіп отырмыз. Шаңырақтарыңыз биік, керегелері мықты болсын, -деп құрылыс жұмыстарын сапалы және уақытылы жүргізген мердігер «Батыс КотлоМонтаж» ЖШС ұжымына алғысын білдірді.

IMG-20191130-WA0117-800x534

Жаңа пәтер кілтін иеленген Рымгүл Сакетова: "Біз көп жыл бойы пәтер жалдап келдік, оның ақысын төлеу біраз қиындық келтіретін. Баспаналы болуымызға көмектескен жандарға алғысымыз шексіз. Бұл күнді ешқашан ұмытпаспыз, шексіз қуанып тұрмыз. Енді жаңа, сапалы және жайлы үйде тұратын болдық", –дейді.

Расында да жаңа үйді аралау сәтінде баспаналы болған үй иелерінің қуаныштары еселей түскенін байқадық. Қарапайым халықты қуанышқа бөлеген осындай игі істер алдағы уақытта жалғасын таба береді деген ойдамыз.

Жұлдыз Асқар
суретке түсірген Мейірбек Тажкуранов
Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале