14.12.2017, 17:35
Оқылды: 59

Қазталовта 22 тұрғын үйдің кілті табысталды

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай бүгін Қазталов ауылында 22 коммуналдық-жалға берілетін тұрғын үйдің кілті тұрғындарға табысталды.

Салтанатты шараға қатысқан Батыс Қазақстан облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов тұрғындарды ел Тәуелсіздігі мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар облыс әкімі атынан жаңа үй иесі Әсем Бекжановаға теледидар сыйға тартты.

-Бүгін біздің отбасымыз үшін үлкен қуаныш! Біз мемлекеттің қолдауымен көптен күткен үйге қол жеткіздік. Жанұямызда 5 бала бар. Әсіресе, кішкентайлар қуануда. Барша ел ағаларына алғысымды білдіремін,- дейді ауыл тұрғыны Ментай Серікова.

Айта кетсек, бұл 22 коммуналдық-жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысына 166 355,7 мың тенге қаражат бөлінді.

Айта кетейік, облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов Қазталов орта мектебі және жақында ашылған «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесін аралап көрді.

Қайрат ЖАҚЫП,

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале