18.07.2017, 17:35
Оқылды: 33

Қазталовта 4 миллиард теңгенің жобалары іске асуда

Қазталов ауданына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті сенатының депутаттары Ерболат Мұқаев пен Нариман Төреғалиев құрылыс нысандарын аралады.


Биыл ауданда 4 млрд. теңгені құрайтын жобалар іске асуда. Олардың қатарында Жалпақтал, Қараөзен ауылдық округтеріндегі «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша тартылып жатқан ауыз су жүйесі, Жалпақтал ауылындағы Масалимов атындағы көшеге асфальт пен жаяу жүргіншіге арналған тротуар төсеу жұмыстары бар. Сонымен қатар округ орталығындағы «Ертегі» балабақшасы күрделі жөндеуден өтуде. Ал Қазталов ауылында 100 орындық интернат пен 1 пәтерлік 22 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Ал ауданымыздағы басты жобалардың бірі Чапаев-Жалпақтал-Қазталов күре жолының жөнделуі. Бұл жұмыстарға 2,3 млд теңге қаражат бөлінген.

Құрылыс нысандарын аралаған сенаторлар ауыл ақсақалдары, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме басшылары және қоғамдық ұйым жетекшілерімен кездесті. Депутаттар биылғы жылы жоғарғы палатада «100 нақты қадам» бағдарламасының аясында қабылданған заң жобалары туралы айта келіп, Елбасымыздың биылғы үндеуі мен мақаласы туралы кеңінен түсінік берді. Сондай-ақ қатысушылардың  сауалдарына жауап қайтарды.

Қайрат ЖАҚЫП

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале