24.10.2017, 16:12
Оқылды: 27

Қазталовта 7 шаруа қожалығы ұңғының рахатын көруде

Қазiргi таңда елімізде ауыл шаруашылығына тиесiлi жер ресурстарының 70 пайызы мал бағатын жердiң үлесiне тиесілі екен. Яғни, бiр малдың басына шаққанда 20 гектар жер көлемi бар деген сөз. Бұл дегенiмiз - болашақта индустриялды-инновациялық дамыған, алдыңғы қатардағы аграрлық мемлекет болуға бiздiң толық мүмкiндiгiмiзді көрсетеді.

Осындайда жайылымдарды суландыру мақсатында жер асты суларын пайдаланудың неғұрлым сенімді және экономикалық жағынан тиімді әдісі – ұңғылар (түтік, труба тәрізді құдықтар) салу. Олардың тиімділігі мынада: кіші диаметрлі және шағын мөлшерде болып, тез салынады.

Біздің ауданымыз шөлейтті аймаққа жататыны белгілі. Осы жағдайға байланысты атакәсіппен айналысып отырғандар мал үшін судан зәру көретін еді. Енді соның шешімі табылып жатыр деуге болады. Ол жоғарыда айтқан жер асты суларын ұңғылар арқылы пайдалану іске асырыла бастады.

Соның бір айғағындай биылғы жылы ЖК «Бурсервис» арқылы шаруа қожалықтары 7 ұңғы қазып алып, адамға да, малға да қажетті тұщы суға қол жеткізіп отыр.

Бұдан кейін Тереңкөл ауылдық округіне қарасты Базарбек Дүрленовтің және Әбуғали Ғұмаровтың ұңғыларын да көруге мүмкіндік туды. Базарбек Дүрленов 60 және 28 метрден шыққан тұщы су көзін пайдаланып отырса, ал Әбуғали Ғұмаров 50 метрден шыққан тұщы су көзін тек малға емес, заманауи салынған үйге де жалғап алыпты.

Серік  ЖҰМАҒАЛИЕВ,

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале