14.06.2017, 18:01
Оқылды: 77

Қазталовта «Ақбұлақ» арқылы 6 ауыл таза суға кенелмек

Kaztalov Akbylak   Қазталов ауданында 6 ауылдық округінің тұрғындары «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында таза ауыз су жүйесіне қол жеткізбек. Қазіргі күнде жалпы құны 2 млрд. 503 млн. 442 мың теңге болатын алты ауыз сумен қамту нысандарын қайта жөндеу мен құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында таза су тартылып жатырған Талдыапан, Жалпақтал, Жаңажол, Ақпәтер, Қайыңды, Бостандық ауылдарын аралап, жұмыс барысымен танысты.


  Талдыапан ауылдық округіне таза ауыз су «Дөңгелек» су қоймасынан тартылмақшы. Бұл жұмыстардың жалпы құны 778 млн. 174 мың. Құрылыс жұмыстарын «БатысГазСтрой» ЖШС жүргізуде. Қаралған қаржының әзірге 100 млн. теңгесі бөлінсе де, жұмыстар қарқынды жүруде. Осы «БатысГазСтрой» ЖШС Ақпәтер ауылындағы сумен жабдықтау жүйесін қайта құру жұмыстарымен айналысуда. Бұл жұмыстарға 237 млн. 744,5 мың теңге қаражат қаралған.

  Ал Жалпақтал ауылындағы таза су тарту жұмыстарын «ПМК-117» ЖШС атқаруда. Қараөзен ауылын қоса қамтитын таза су жүйесіне 351 млн. теңге қаражат қаралған. Жаңажол, Қайыңды ауылдарындағы «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында сумен жабдықтау жүйесін қайта құру жұмыстарына 168 млн. және 189 млн. астам қаржы бөлінген. Бұл жұмыстарды «Новосел-Стройсервис» ЖШС жүргізуде.

  Бостандық ауылын сумен жабдықтау жүйесін қайта құру жұмыстары үшін 333 млн. 669 мың теңгені «Жиенбай» ЖШС ұтып алып, қазіргі күнде 11 көшеге су жүргізу қарқынды жүруде. Сондай-ақ осы жұмыстарға ауылдан 9 адам тұрақты жұмысқа тартылған.

   Барлық жұмыстармен танысқан аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, -жұмыстар уақытында әрі сапалы жүруі тиіс. Сол себептен өз істеріңізге жауапкершілікпен қаруларыңызды сұраймын, -деді.

   «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында су мәселелін шешу кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Олай болса, жүзеге асырылып отырған осы бағдарламаның арқасында сусыз отырған көптеген елді мекендер мен ауылдар бұлақтай мөлдір суға кенелді деп сенеміз.

Мөлдір ӘНУАРБЕК

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале