28.11.2017, 17:34
Оқылды: 30

Қазталовта Алаш қозғалысы тақырыбында конференция өтті

Алаш үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай  «Ұлттық рухтың негізі - Алаш  қозғалысы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция жұмысы  еске алу аллеясына гүл шоқтарын қоюмен басталды.

Конференция барысында тарих  ғылымының  докторы, профессор Тұяқбай Рысбеков, БҚО инновациялық-технологиялық университетінің аға оқытушылары Самат Құрманалин, Бақтылы Боранбаева, М.Өтемісов атындағы университеттің оқытушысы Жаңабек Жақсығалиев, Сырым ауданы, Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Айнагүл  Ойшыбаева, Алма Оразбаева орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Марал Төлекенова Алаш тарихына қатысты баяндамалар жасады. Сонымен қатар конференцияда Алаш қозғалысының 100 жылдығына өткен аудандық сурет байқауына қатысып, жүлдегер  атанған  бірқатар оқушы да  марапатталды.

Кейін конференцияға қатысушылар және ауданның барша белсенді жастары  Қазталов ауданы орталығындағы Алаш қайраткерлеріне арналған, бүгінде құрылысы жүріп жатқан саябаққа ағаш көшеттерін отырғызды.

Айта кетейік, Сырым  ауданының  орталығы  Жымпиты ауылында  1918-1919  жылдары  Алаш  автономиясының батыс  бөлігін басқару жөніндегі бөлімше  жұмыс жасады. Бұған Алашорда  үкіметінің мүшесі, заңгер Жаһанша  Досмұхамедов төрағалық  етті.

Серік  ЖҰМАҒАЛИЕВ,

Әсем  БОЛАТ,

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале