6.11.2018, 12:16
Оқылды: 69

Қазталовта алғаш рет «Өсу векторы» күзгі лагері өтті

Қазталов ауданында тұңғыш рет мектеп директорларына арналған «Өсу векторы» күзгі лагері өз жалауын көтерді.

Осу векторы(2)

Қазталов аудандық білім беру бөлімінің  ұйымдастыруымен өткен «Өсу векторы» күзгі лагерінің жұмысы – мектеп  басшыларының кәсіби шеберлігін арттыру, менеджменттегі жаңа теxнологиялармен таныстыру, «Руxани жаңғыру» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын тәрбие үрдісінде жүзеге асыру, «Назарбаев зияткерлік мектептері» тәжірибелерін мектептерге енгізу мақсатында мектеп басшыларына арналған.

Жобаның ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова ауданда алғаш рет өткізілген шараның ашылуымен құттықтаса, облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова «Өсу векторы» күзгі лагері жобасының жетекшісі Нұрлығали Дүйсековке арнайы кубок табыс етті.

Күзгі лагерде жоспарға сай сұхбаттасу алаңдары  ұйымдастырылды.

Сұхбат алаңында қатысушылар облыс ақыны Сәрсенғали Бисенғалиевпен кездесіп, ақынның тағылымы мен тәлімі мол қызықты әңгімелеріне қанығып, ақынның авторлық әндерін де тыңдады. Сонымен қатар Сәрсенғали аға қойылған сұрақтарға жауап беріп, халық қазынасы бата туралы кеңінен айтып, бас қосушыларға бата берді.
Сұхбат алаңына аудан әкімі Абат Шыныбеков те қатысты. Абат Абайұлы ашық алаңда мектеп директорларымен әңгімесін Елбасының биылғы Жолдауында айтылған «Ұстаз мәртебесін» көтеру туралы міндеттен бастап, алдағы уақытта ұстаз мәртебесі туралы арнайы қабылданатын заңға қатысты әрбір мұғалім өз пікірін білдіру керектігін атап өтті.

Екі күнге созылған күзгі лагерьде Дебат және Stand-Up қатысушыларымен ойынға әзірлік, «READx» жобасы, Психологиялық жайлылық аймақ, Инновациялық жобалар: «Белсенді оқыту әдістері», «Тәрбие жұмысы Назарбаева интелектуалдық мектебінің» көзімен сияқты қызықты тренингтер ұйымдастырылды. Лагерьде Орал қаласынан арнайы келген блогер, танымал журналист, «Жайық Пресс» медиахолдингінің ақпарат орталығының жетекшісі Нұрлыбек Рахманов мектеп директорларымен кездесіп, БАҚ құралдарында, баспасөз беттерінде және әлеуметтік желілерде білім саласындағы жетістіктерді көрсетудің ерекшеліктері туралы түсіндірді.

Күзгі лагерде уақыттарын тиімді өткізіп, пайдалы кеңес алған ұстаздарға арнайы сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Осу векторы

Қайрат ЖАҚЫП,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале