20.02.2019, 19:05
Оқылды: 27

Қазталовта атқа міну үйірмелері жұмысын бастады

Былтыр Қазталов ауданы орталығында жас кәсіпкер Жоламан Есетов атқа міну үйірмесін ашты. Ол жасөспірімдерге жылқыға мінудің қыр-сырын үйретті. Осындай үрдіс биыл да жалғасын тапты.

 qaztalov (2)

Көктеректік кәсіпкер Нұрболат Әдиетов ауыл балаларына атқа мінуді үйретуді қолға алып, баптауындағы 15 сәйгүлікті Бекзат Омарғалиев баптап жүр.

Бұл дәстүр Сарықұдық ауылында да жалғасуда. Сарықұдық мектебінің оқушылары өздері баптап жүрген тайларын күніне бір-екі мәрте мініп, баптаудың қыр сырын үйренген. Олар атқа мінуді үйренумен қатар бәйгеге шабу, қыз қуу, теңге алу, жамбы ату секілді ұлттық ойындарды үйренетін болады.

         -Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында атқа міну мәдениеті туралы айтылды. Біздің халықтың өмірінде жылқының орны ерекше. Ата-бабаларымыз ең алғаш рет атты қолға үйретті. Бізде жылқымен біте қайнасқан қадір-қасиет бар. Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» деген кітабында қазақтың атқа мінуден айырылып бара жатқанын кейіпкер арқылы еске салады. Одан бері қаншама уақыт өтті. Расында біз алыстап қалдық. Жылқы қазақтың ажырамас бір бөлігі деп білемін. Ертеде жігітті атына қарап танитын болған. Мұндай шаралардың ықпалы арқылы ата-бабамыздың тұрмыс-тіршілігімен жете танысып, атқа міну мәдениетіне қайта оралуымыз керек. Қазір атқа мінудің денсаулыққа пайдасы дәлелденген,-дейді бізбен әңгімелескен Нұрболат Әдиетов.

qaztalov (4)

Тұрарбек Қайырғали,

Қазталов ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парашамыздан және Telegram каналымыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале