16.01.2020, 11:09
Оқылды: 44

Казталовта аудан тұрғындары арасында хоккейден жарыс өтті

Казталов ауданының Қарасу тоғанында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен «Айбын» спорт клубының ұйымдастыруымен хоккейден аудан тұрғындарының арасында жарыс өтті.

qaztalov (1)

Бұл сайысқа 5 құрама қатысты. 2001, 1994, 1992, 1989, 1987 жылы туған ер балалар арасында өткен шайбалы хоккей өте тартысты болды.

Қысқы спорттық ойында 1987 жылғылар І орынға ие болса, ІІ орынды 1994 жылғылар, ІІІ орынды 1992 жылғылар еншіледі.

qaztalov (2)

Жеңімпаз командаларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Ал "Үздік ойыншы" аталымы Мейрам Ғиляжевқа, "Үздік қақпашы" Әділбек Жанабаевқа және "Үздік қорғаушы" аталымы Дархан Құттыбаевқа бұйырды.

Диана Бақсық

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале