22.10.2018, 15:35
Оқылды: 76

Қазталовта ауыл шаруашылық күні тойланды

Қазталов ауданы орталығында ауыл шаруашылық күні аталып өтті.

IMG_9416

         Бұл күні аудан орталығының жанында ақшаңқай киіз үйлер тігіліп, ауыл шаруашылығы саласында еңбектеніп жүрген барша ағайын осы алаңда бас қосты.

         Алаңда ауыл шаруашылық техникаларымен қатар асыл тұқымды мал түрлерінің көрмесі болды. Көрмеде ангус, қазақтың ақбас ірі қара малдары мен еділбай, меринос тұқымдас қойларын халық назарына ұсынылды. Күн сәулесі мен желден қуат алатын электр қондырғылардың да таныстырылды. Ауыл шаруашлығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, ет, сүт және бау-бақша дақылдары сатылды.

         Мереке күнгі салтанатты шарада сөз алған аудан әкімі Абат Шыныбеков мемлекеттің қамқорлығы мен қолдауы арқасында аудандағы ауыл шаруашылық саласы жетістіктерін айта келе, еліміздің гүлденіп, халқымыздың ырысын молайту жолындағы ерен еңбектеріне толағай табыс тіледі. Содан кейін аудандағы ауыл шаруашылығының үздік еңбеккерлері мен жетістіктерімен танылған қожалық басшыларын, округ әкімдерін марапаттады.

         Абат Абайұлы ауыл шаруашылық саласында ұзақ жылдар қызмет жасаған бір топ азаматқа «Ауыл еңбегі үшін» мерекелік медальдарын табыстаса, осы салада жемісті еңбек етіп жүрген қызметкерлерге алғыс хат пен бағалы сыйлық берді. Салтанатты шара аудан көркемөнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.

IMG_9324 IMG_9331 IMG_9358

Қайрат ЖАҚЫП,

Қазталов ауданы,

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале