29.09.2017, 17:07
Оқылды: 23

Қазталовта ауыл тойы өтті

ауыл тойы1Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде Жаңажол ауылдық округіне қарасты Көмекші ауылында «Ел осы – Көмекші деп аталатын» атты ауыл тойы өтті.


Ауыл тойында сөз алған Жаңажол ауылдық округ əкімі Қайыржан Өмірəлиев барша тұрғындарды ауылдың ауызбіршілігін нығайтатын, маңызы зор шарамен құттықтады. Шара барысында әннен шашу шашып, мың бұрала би билеп, спорттық ойындар ұйымдастырылды.

Ауылдың ең үлкен тұрғыны Жамали ана кішкентай бүлдіршін Динара Нұрболатқызына ақ батасын беріп, арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Ауылға қайырымдылық көрсеткен тұрғындарға және «Қамқор Ана» деп танылған  Нұраш апаға мектеп ұжымы атынан арнайы алғыс хат табысталды.

Шарада 50 жастан асқан ауыл тұрғындары арасында «Велосипедпен кедергілерден өту», «Қыз қуу», «Арқан тартыс» ойындары ойнатылды. Ауыл тұрғындары ішінен өздері дайындаған тағамдарын сатып, ұлттық қол өнер көрмесі ұйымдастырылды.

Дәл осындай көше тойы Қазталов ауылдық округінің С.Даниялов, Ғ.Қараш, Д.Нұрпейісова, Ә.Жангелдин, У.Жұмасейітов, А.Құнанбаев көшелерінің «Ауылым – алтын бесігім» атты мерекелік шарасы өтті.

 Гауһар ӘДІЛЖАН,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале