12.06.2017, 16:53
Оқылды: 20

Қазталовта әжелер байқауы өтті

 

Қазталов ауданында ардагерлер қозғалысының 30 жылдығына арналған "Қайран біздің әжелер арды ойлаған" атты әжелер ансамбльдерінің байқауы өтті.         

Байқауға көршілес Жәнібек ауданының "Ақниет" және Қазталов, Жалпақтал, Болашақ, Жаңажол, Бірік, Бостандық ауылдық округтерінің әжелер ансамблі қатысты.

Байқауда әжелер ансамбльдерінің мүшелері қолөнер бұйымдарынан  көрме ұйымдастырса, ал сайыста өздерін таныстыру мен  өнерлерін көрсету бойынша сынға түсті.

Нәтижесінде әділқазылардың шешімімен I орынды  "Гүлдерайым" (Қазталов), II орынды "Шапағат"  (Жалпақтал), III орынды  "Асыл әжелер"  (Бостандық) ансамбльдері иеленсе, байқауға қатысқан басқа да әжелер ансамблдері арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Жұлдыз АСҚАР

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале