5.06.2018, 9:53
Оқылды: 30

Қазталовта бағдарлама аясында 125 млн.теңгенің 37 жобасы іске асады

Қазталов ауданы орталығында қоғамдық кеңес отырысы өтті.

Отырыстың күн тәртібінде Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауданымызда атқарылған және жоспарланған жұмыстар туралы аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова хабарлама жасады.

Хабарламаға қысқаша назар салсақ, 2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауданмыз бойынша 63 шара ұйымдастырылып, оған 18650 адам тартылған.

Әсіресе, «Тәрбие мен білім» кіші бағдарламасы бойынша 19 ірі шара, соның ішінде «Өлкетану» базалық бағыты, «Отаным – тағдырым» базалық бағыты, «Саналы азамат» базалық бағыты бойынша шаралар өткен. Осы шараларға 953 адам тартылған. Сондай-ақ «Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру» арнай жобасы бойынша да біраз жұмыстар атқарылып, 21 іс-шара өз деңгейінде өткен.

«Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша 32 шара өтіп, 3450 адамды қамтыған. Ауыз толтырып айтатын болсақ, «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында 29 көлемді шара ұйымдастырылып 8750 адам тартылған. Соның ішінде «Әлеуметтік бастамалар картасы» базалық жобасы бойынша ағымдағы жылдың 5 айында жалпы құны 50 млн.700 мың теңгені құрайтын 29 жоба іске асты. Бұл жобаларға жарық диоттық композициялар, жол белгілері, музей жасақтау, саябақ, заманауи спорт алаңдары жасалған.  Алдағы уақытта құны 125 млн.360 мың теңгені құрайтын 37 жоба іске асады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар «Жомарт жүрек»  базалық жобасы бойынша көптеген асыл азаматтарымыз өздерінің игі істерін атқаруда.

«100 жаңа есім» арнайы жобасы бойынша да облысқа 35 адамның, ал ауданымызға 97 адамның тізімі ұсынылуда. «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына атқарылған іс-шаралар туралы 225 мақала басылса, аудандық «Ауыл айнасы» газетінде «Рухани жаңғыру» арнайы беті ашылған.

Отырыста аудан әкіміның орынбасарының хабарламасын тыңдаған қоғамдық кеңес мүшелері өз сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін де білдірді.

Қайрат ЖАҚЫП,

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале