12.02.2018, 11:24
Оқылды: 63

Қазталовта балық аулаудан сайыс өтті

 

Қазталов аудандық туризм және экология орталығының ұйымдастыруымен Сарыөзен жағасында балық аулаушылар арасында жарыс өтті. Жарысқа балық аулауға деген қабілеті бар ауыл тұрғындары қатысты.

-Балық аулауда тәжірибеміз мол, сондықтан да оны қармаққа түсірудің еш қиындығы жоқ. Балық аулауды жастайымнан кәсіп етіп келемін. Балық аулағанда өзімді сергек сезініп, табиғатта тамаша демалып қаламын.  Ірі балық ауыма түсіп жатыр, қуаныштымын, - дейді қайыңдылық Аслан Жайынов.

Жарыс соңында қармаққа іліккен балықтың салмағы мен өлшеміне байланысты қазылар алқасы жүлделі орындарды белгіледі. Айта кетер болсақ, 1 орынды Аслан Жайынов, 2 орынды Талапқали Тілепов, 3 орынды Асылбек Қазиуллин  және басқа да қатысушылар «Жас балықшы», «Ең үлкен балықшы», «Үздік жабдықталған балықшы», «Бірінші балық» номинацияларын иеленді.

Салауатты өмір салтын ұстанған басқа балықшылар да назардан тыс қалмай, дипломдармен марапатталды.

Халықтың басым бөлігі бос уақытында балық аулаумен айналысады. Біздің мақсатымыз – әуесқой балықшыларды  біріктіріп, тамаша демалыс сыйлау, -дейді аудандық туризм орталығының директоры Нұрлан Жасқалиев.

Жұлдыз АСҚАР

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале