18.09.2020, 18:08
Оқылды: 37

Казталовта білім ордасына қамқорлық жасалды

Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласында «Туған жер» атты тұтас бағдарлама ұсынылған болатын. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі.

20200918_165516

Жер тарихы мен мәдениетіне ерекше мән беріліп, оның өсіп-өркендеуіне қамқорлық жасау аясында Казталов ауданы Қараөзен орта мектебінің жанындағы қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алтынбек Сағынғалиұлының бастамасымен игілікті іс жасалды.

Шаруа қожалығы жетекшілерінің қолдауымен мектеп ұжымы мен ауыл тұрғындары атынан әр жылдардағы мектеп түлектері шынайы ниет білдіріп, қысқа мерзім ішінде мектеп алдына өрнектастар төселіп, үзіліс кезінде мектеп оқушылары демалатын орындықтар мен жарық шамдарын орнатып, мектеп ауласының кіре беріс қақпасын жасап, білім ордасына қамқорлықтарын көрсетті.

20200918_170635

Бүгін 18 қыркүйек күні осынау айтулы нысандардың толық аяқталып, пайдалануға берілуіне орай мектеп ұжымында арнайы салтанатты ашылу рәсімі өтіп, ізгі шараларға атсалысқан үздіктіктерге аудан әкімі Альберт Есалиев пен мектептің кәсіподақ ұйымы атынан алғыс хаттар табыс етілді.

 

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале