30.07.2018, 15:11
Оқылды: 55

Қазталовта бос орындар жәрмеңкесі өтті

IMG_5506Қазталов аудандық Мәдениет үйінде бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Аудандық жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен өткен бұл шараға 100-ден астам жұмыссыз қатысты.


Жұмыспен қамту орталығының мәліметі бойынша, қазіргі таңда ауданда 62 бос жұмыс орны тіркелген. Шарада сөз алған аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Артур Берденов жәрмеңкеге қатысушы жұмыссыз азаматтарға сәттілік тіледі.

IMG_5493Жәрмеңкеде бос жұмыс орындары ұсынылып қана қоймай, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының "Жастарға кеңес" бұрышында шағын кәсіп ашу үшін несие алу, кәсіптік оқыту, жастар практикасы туралы кеңестер де берілді.

Жәрмеңке нәтижесінде 20 адам жастар практикасына, 33 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 25 адам тұрақты жұмысқа және 11 адам кәсіптік оқуға жолданды.

Қайрат ЖАҚЫП

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале