19.11.2018, 15:19
Оқылды: 22

Қазталовта екі адам суға кетті

Төтенше жағдайлар департаментінің Қазталов аудандық бөлімі мәліметіне қарағанда, марқұмдар мұз қатқан Қараөзеннің үстімен көлікпен өтпекші болған. Оқиға 18 қараша күні, сағат 14:00 мен 15:00 аралығында орын алған.

avto-1-e1516613911805

 Салмағын мұз көтермей суға батқан Audi A6 көлігі ішінде Қазталов ауданы Ақпәтер ауылының 1979 және 1981 жылғы екі тұрғыны болған. Қазір қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлады сол аудандағы филиалымыз «Ауыл айнасы» газеті.

zhaikpress.kz

сурет ғаламтордан алынды

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале