21.06.2019, 14:58
Оқылды: 311

Қазталовта қайырымдылық кеш өтті

Қазталов ауданында осыдан 2 жыл бұрын «Жүрекке жылу сыйлаған мейірімділік» атты қайырымдылық жобасы жүзеге асты. Жоба аясында аудан округтеріндегі мүмкіндігі шектеулі балалардың еміне қаражат жинау үшін арнайы қайырымдылық кеші өтті.

 IMG_6869

Биылғы қайырымдылық кеш қазталовтық кішкентай бүлдіршін Аяжан Асхатқызына арналды. «Мейірім шуағы» композициясымен басталған кеште кейіпкер жөнінде бейнебаян көрсетілді.

Қазталов ауылының тұрғыны Аяжанның жасы жетіде. Жастайынан ауруға шалдыққан. Өзінің құрбыларындай еркін ойнап, шауып жүгіре алмайды. Достарымен бірге ойнап күлсе де көзінде мұң бар. Ол балалықтың мұңы. Бірақ Аяжан жалғыз емес. Айналасында жүректері ізгілікке толы мейірбан жандар жүр.

IMG_6753

Әр округтерден келген мектеп оқушылары қоғамдағы келеңсіз жағдайлар, тастанды бала тағдыры, ғаріп жандардың қиын өмірін қойылым арқылы көрсетті. Поэзия оқылып, әндер де айтылды.

Кеш соңында аудан әкімінің орынбасары Рүстем Зұлқашев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, кішкентай Аяжанның құлан-таза айығып кетуіне тілектерін білдірді. Қайырымдылық шарасынан түскен 170 мың теңге Аяжан Асхатқызының ата-анасына берілді.

Жұлдыз Асқар,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

IMG_6863 IMG_6878 IMG_6918 qaiyrymdykyq (3)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале