29.12.2020, 9:34
Оқылды: 81

Казталовта канвассинг форматында кездесу өтті

28 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясы атынан Казталов аудандық мәслихат депутатығына үміткерлер Сәрсенбай Молдашев, Ерболат Бекмулдин, Абылай Молдашев «Канвассинг – кандидат қонақта» форматы бойынша Қарасу ауылдық округінің тұрғындары, көпбалалы отбасы Ізмағамбет Хасанов, Дастан Губашевтың шаңырағында болып, отбасы мүшелерін партияның алдағы бес жылдыққа арналған бағдарламасымен таныстырды.

КАНВАССИНГ ФОРМАТЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ (4)

Сұқбат барысында партия төрағасы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының көрегендігі мен сарабдал саясатының арқасында осы уақытқа дейін еліміздің жеткен жетістіктері және партияның болашақ жоспарлары талқыланды.

Сайлаушылар елімізде жүргізіліп жатқан саясатқа, бастысы бейбітшілік орнаған заманда бірлігіміз жарасып, тұрақтылықтың қалыптасқанына, «Nur Otan»-ның халық игілігі үшін атқарып жатқан жұмыстарына риза екендігін жеткізді.

Сонымен қатар ауылға балабақшаның қажет екендігін және Қарасуға қатынайтын барлық жолдарға жөндеу керек деген тұрғындар ұсынысы да айтылды.

Аталмыш ауылдық округте мал шаруашылығы, кәсіпкерлік саласына көңіл бөлінгендігі де сөз болып, бұл халықтың жұмыспен қамтылуына үлкен мүмкіндік екендігі ескерілді.

Сайлаушылар мемлекеттік бағдарламаларға қол жеткізе отырып, кәсібін дөңгелетіп отырған жандардың да алғысын жеткізді.

КАНВАССИНГ ФОРМАТЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ (3)

«Nur Otan» партиясы Казталов аудандық сайлауалды штабының өкілдері, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер айтылған мәселелерді назарға алатындығын жеткізіп, 10 қаңтар күні өтетін саяси науқан ҚР Парламенті мәжілісінің және барлық деңгейдегі облыстық мәслихат депутаттарын сайлауда партияны қолдауға шақырды.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

Тапсырыс беруші: Бекмулдин Ерболат Мұратқалиұлы. 

«Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале