2.10.2017, 11:30
Оқылды: 22

Қазталовта «Қарттарым – асыл қазынам» атты шара өтті

«Қайырымдылық айлығы» аясында Қазталов арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Қарттарым – асыл қазынам» атты шара өтті.

Шарада сөз алған «Қазталов арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» орталығының басшысы Альберт Талпақов: «БҰҰ Ассамблеясының 45-ші сессиясының ұсынымы бойынша Халықаралық қарттар күнін дәстүрлі түрде жыл сайын 1 қазанда аталып келеді. Сонымен қатар қазан айының екінші жексенбісі Елбасының жарлығы бойынша  мүгедектер күні болып бекітілді. Осы «Қайырымдылық айлығының» басталған күні мекемеде жоспарға сәйкес шара ұйымдастырып отырмыз. Бүгінде мекемеде 19 арнаулы әлеуметтік қызмет алушы тұрады. Оларға «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы стационарлық жағдайда әлеуметтік қызмет көрсету» стандартына сай қызметтер көрсетіледі. Айлық аясында түрлі мәдени шаралар, әлеуметтік көмек беру, қолдау көрсету көзделіп отыр. Үстіміздегі жылы мекемеде ұйымдастырылған мәдени-көпшілік, спорттық шараларға демеушілік жасаған ауданымыздың «Әулет», «Бибөк», «Думан», «Дулат», «Барс», «Зере» жеке кәсіпкерліктеріне және Самат Шакуовқа ризашылығымызды білдіреміз»,- деді.

Шарада аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынып, әлеуметтік қызмет алушыларды бір серпілтіп тастады.

Сонымен қатар мекемеде «Қайырымдылық айлығы» аясында «Жүректен жүрекке» жәшігі қойылған. Түскен қаражат әлеуметтік қызмет алушыларға жұмсалатын болады.

Гауһар ӘДІЛЖАН,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале