23.06.2017, 12:30
Оқылды: 55

Қазталовта кешенді оқу-жаттығу өтті

Kaztalov oku jattigui   Қазталов ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу және азаматтық қорғаныс жұмыстарын жетілдіру мақсатында өтетін кешенді оқу-жаттығуға дайындықты пысықтау арналған жиын өтті. Жиынға Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы полковник Максим Хайрекенов, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері және ауданымыздағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі комиссия мүшелері және арнаулы қызмет басшылары қатысты.

     Жиын барысында сөз алған Азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы,- бүгіннен бастап облыс әкімінің 2017 жылдың 26 қаңтардағы №22 - өкімімен бекітілген Қазталов ауданында төтенше жағдайлардын алдын алу, азаматтық қорғанысты жетілдіру және аудан тұрғындарының денсаулығы мен өмірін сақтау мақсатында кешенді оқу-жаттығу өтетін болады. Осы оқу -жаттығуларға қатысатын мекемелер мен ұжымдарды бір адамдай ат салысуға шақырамын,- деді.

       Ауданда өтіп жатырған кешенді оқу-жаттығудың негізгі бөлігі 22 күні таңғы сағат 7:30-да басталып, сағат 9:30-дағы кешенді оқу-жаттығу штабы мен аудан әкімі аппаратының жедел тобының, арнаулы қызметтердің жұмысын тексеруден басталды.

   Бұдан кейін оқу-жаттығу тәжірибе әрекеттеріне ұштасып, адам көп жиналатын аудандық кітапхана ғиамаратында жалғасты. Бұл жерде кіріспелер бойынша аудандағы арнаулы қызметтер №19 өрт сөндіру бөлімі, газ шаруашылығы, электр торабы және жедел жәрдем қызметінің құрамалары шартты өрт кезінде ғимараттағы адамдарды қауіпсіз жерге шығарып, ғимаратқа қосылған газ құбыры мен электр жүйесін айырып, дене жарақатын алған адамдарға медициналық көмек көрсетті.

   Кешенді оқу жаттығудың кіріспе бойынша дала өртін сөндіру тәжірибелік әрекеті кезінде аудандағы №19 өрт сөндіру бөлімі, коммуналдық шаруашылық қызметкерелерінің және ауыл әкімдігінің еріктілері өз шеберліктерін көрсетіп, шартты дала өртін өз уақытында сөндірді.

     Сонымен-қатар аудандық электр торабыны мекмесінің қызметкерлері де кешенді оқу-жаттығу кезінде орын алған шартты электр жүйесінің үзілуін дер кезінде байқап, орын алған ақауды жоғарғы қарқынды жылдамдықпен жөндеп, кешенді оқу-жаттығу штаб бастығының оң бағасын алды.

   Кешенді оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша теория мен тәжірибе әрекеттерінде үздік танылып, төтенше жағдайлардың алдын алуда және азаматтық қорғанысты жетік меңгерген арнаулы қызметтердің, ұйымдардың өкілдеріне Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының және Қазталов ауданы әкімінің алғыс хаттары табыс етілді.

Қайрат ЖАҚЫП

 Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале