24.06.2019, 11:02
Оқылды: 625

Қазталовта киік атқандар ұсталды

23 маусым күні Қазталов ауданының полиция бөлімінің мемлекеттік автокөлік инспекторлары түнгі сағат 03:00 шамасында күдік келтірген көлікті тоқтатты.

kiik (4)

Қазталов ауылының Тәуелсіздік көшесінде «Нива» автокөлігін тексеру барысында салоныннан қорапқа салынған жетпіс дана киік мүйізі табылған.

Барлығы 35 бас киікті атып, өлік төшкесін далаға лақтырып кеткен.

Оқиғаға байланысты қылмысқа қатысы бар күдікті ретінде БҚО Жәнібек ауданы Жәнібек ауылының А. есімді азаматы ұсталды.

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 339-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Гауһар Әділжан,
Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале