4.12.2018, 18:57
Оқылды: 61

Қазталовта қоғам қайраткері Рахметолла Сүйербаевтың 80 жасы аталып өтті

Қазталов аудандық мәдениет үйінде қоғам қайраткері Рахметолла Хамитұлы Сүйербаевтың 80 жасқа толу құрметіне орай «Тұғырынан таймаған тұлға» атты дәріптеу кеші өткізілді.

qaztalov (2)

Рахметолла Хамитұлы тек өңіріміздің ғана емес, еліміздің қайраткер тұлғасы.. Өйткені халқымыз ерді ісіне қарап таниды.. Рахметолла Хамитұлы Казталов ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік қолтаңба қалдырып кеткен білікті басшы. Кеңес мемлекетінде «Қайта құру» дәуірі басталар алдында (1984 жыл) аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып қызметке кіріскенде оның алдында қыруар шаруа тұрды.

Р.Сүйербаев ауданның тізгінін қолға алғаннан кейін ең бірінші кезекте кадрларға талапты күшейтіп, білікті де, ұйымдастырушылық қабілеттері жоғары жастарды түрлі салаларға басшылыққа тартты. Сонымен қатар мал шаруашылығын дамытудың ең бастысы – жоғары сапалы жем-шөп қорын жасауға күш салды. Ал экономиканы көтеретін ол еңбек адамдары. Міне, осыны түсіне білген білікті басшы малш-шопандардың, механизаторлардың тұрмыстық жағдайын жасауға да көп көңіл бөлді. Мәселен, сол кездерде ауданның малшы-шопандарының үйлерінде монша салуды қолға алғызса, өзен жағасында орналасқан шопандардың үйлерінің жанынан бау-бақша өсіруді де тәжірибеге еңгізді. Соның айғағындай сол кездегі Қараоба кеңшарында Шәке Қалиевтің бау-бақша өсірудегі іс-тәжірибесі Республикаға таратылды.

Рахметолла Хамитұлы аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметінде жүргенде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі, Бүкілодақтық партия конференциясының делегаты болып та сайланды. Бұл ол кісінің атқарған  қызметіне берілген баға еді. Төрт жыл қызмет жасағанда ол ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына түбегейлі бетбұрыс жасады.    Енді міне қайраткер аға өзі қызмет жасаған елге келіп, 80 жылдық мерейтойын атап өтті. Мерейтой иесін аудан әкімі Абат Шыныбеков құттықтады. Сонымен қатар салтанатты шарада сөз алған БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов, қызметтес болған Абат Есенғалиев, Нәсіпқали Иманғалиұлы, Балғаным Кәкімова, Мұқас Спандияров және замандастары Кәрім Өтеғұлов, Нағым Ризуанов басқа да жұмыстас іні-қарындастары құттықтап, өнегелі еңбек жолы туралы қызықты әңгімелерін ортаға салды.

Сондай-ақ өзі салдырған Казталовка мектебінде болып, ұстаз, шәкірттермен кездессе, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінде жастармен жүздесіп, сауалдарына жауап берді.

qaztalov (1)

 

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале