28.12.2020, 11:52
Оқылды: 79

Казталовта коньки тебу алаңы ашылды

Казталов ауданында бұқаралық спортты дамыту кеңінен дамып келеді. Соның бір айғағы аудан орталығындағы коньки тебу алаңы. 25 желтоқсан күні көпшілік коньки тебу алаңының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ернар Ғалымов және дербес бөлім басшылары мен түрлі бағыттағы орталықтардың директорлары қатысты.

Коньки тебу алаңы ашылды (3)

Көпшілік коньки тебу алаңы «Айбын» спорт клубының ұйымдастыруымен ашылды. Қазіргі таңда 100-ге жуық адамның қысқы спорт түрімен шұғылдануына мүмкіншілік туып отыр. Алаңға келсеңіз, керектінің бәрі табылады. Мәселен, су жаңа кез келген өлшемдегі конькилерді небәрі 200 теңгеге 1 сағатқа жалға ала аласыз. Алдағы уақытта алаң жанында алаң қонақтары үшін арнайы ыстық тағамдар ұсынылатын болады. Ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова халықты жаңа алаңмен құттықтап, бұқаралық спортты дамытуға атсалысып жүрген азаматтарға аудан жұртшылығы атынан ризашылығын білдірді.

Коньки тебу алаңы ашылды (1)

Сонымен қатар Зәйлім Исатайқызы алдағы уақытта алаңның көлемін кеңейту жоспарда бар екендігін тілге тиек етті.

Коньки тебу алаңын сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін пайдалануға болады. Сонымен қатар жалға берілетін конькилерден түсетін қаражат қайырымдылыққа жұмсалатындығын да ерекше атап өткеніміз жөн.

 

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале