31.10.2017, 15:49
Оқылды: 22

Қазталовта коперативтерді дамыту бойынша оқыту семинары өтті

Қазталов ауданында ауыл шаруашылығы коперативтерін дамыту мәселелері бойынша оқыту семинары өтті.

Оқыту семинарына аудан әкімінің орынбасары Нұретден Иxсанов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі кооперация департаменті директорының орынбасары Нұрболат Мақашев, БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Сатқан Өмірзақовтар қатысты.

Бүгінгі күнге аудан көлемінде 21 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, жұмыс жасауда. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жұмысын жандандыру мақсатында мемлекет тарапынан бірқатар жеңілдіктер қарастырылуда. Мәселен, мал бордақылау мен егін шаруашылығымен айналысатын кооперативтерге субсидиялар төленеді. Сондай-ақ салықтық жеңілдіктер қолдануға, жеңілдетілген несиелер мен ұзақмерзімді несиелерді пайдалануға, мемлекеттік көмек қаржыларды алуға, шығындарды өтеуге, лизингіге техника алуға, мүлікті кепілге салу үдерісін қарапайымдатуға, т.б. жұмыстарды іске асыруға қол жеткізіледі. Осылайша ұсақ шаруашылықтар бірігіп, мемлекеттен қолдау алуға зор мүмкіндік беріліп отыр.

Сонымен қатар қазіргі қалыптасып отырған саяси-экономикалық жағдайға байланысты Елбасының талабы – халықты жұмыспен қамту мәселесі. Ірі өндірістік кооперативтерге бірлестіріп арнаулы кәсіптерін тұрақты табыс көзіне айналдыру арқылы жұмыссыздық мәселесі шешіледі. Соның арқасында ауыл шаруашылығында өнім көлемін ұлғаяды. Қазіргі кез жұмыла еңбек ететіндердің заманына айналуда. «Жалғыздың үні шықпас» дегендей, кәсіпкерлер үшін де мәселемен жалғыз айналысқаннан гөрі, бірлесе шешкен тиімді. Біздің аудан тұрғындарының басым бөлігі ауылдық елді мекендерде тұрады. Сондықтан шаруа қожалықтарының кооперативтерге бірігуі маңызды шара.

Семинарда осы және басқа да мәселелер мәселелер жөнінде арнайы мамандар түсінік беріп, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрудың құқықтық негіздері, кооператив жұмыстарының экономикалық негізі, кооперативтердің есеп жұмыстары мен салық төлеудегі ерекшеліктері, ауыл шаруашылық кооперативтерін мемлекеттік қолдау сынды тақырыптар да айтылды.

Кооператив мүшелері тарапынан қойылған сауалдарға сала мамандары тиісті жауаптарын беріп, ақыл-кеңестерімен бөлісті.

Семирар соңында «Ауыл шаруашылығы өнімдерін тауарлы өндіріспен қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашығы кооперативтерін басқару негіздері» семинарының теориялық курсын оқығандарға сертификаттар берілді.

 Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале