23.11.2017, 15:06
Оқылды: 22

Қазталовта құқық қорғау органдарына көмектесіп жүрген еріктілерге сыйақы тағайындау ұсынылды

Қазталовта аудан әкімі Абат Шыныбековтың төрағалығымен құқық бұзушылыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссия отырысы өтті.

Құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдар атқарған жұмыстары туралы баяндама жасады.

Отырыс барысында комиссия төрағасы, аудан әкімі Абат Абайұлы күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ескертпелер жасады. Айта кетсек, баяндамаларда аудандағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары туралы нақты анализдің жоқтығы (соның ішінде келтірілген нақты фактілер мен атқарылған нақты іс-шаралардың аздығы немесе мүлдем болмауы), құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында атқарылатын іс шаралар кезінде құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы байланыстың нашарлығы сияқты мәселелерге тоқталып өтті.

Сонымен қатар отырыста комиссия мүшесі, аудан прокуроры Дәурен Медетбеков ауданда құқық бұзушылықтың алдын алу үшін арнайы WhatsApp желісін ашып, тұрғындар арасында тарату және құқық қорғау органдарына көмектесіп жүрген еріктілерге аудандық бюджет есебінен сыйақылар тағайындау жөнінде ұсыныстарын білдірді.

Қайрат ЖАҚЫП,

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале