3.05.2018, 10:31
Оқылды: 113

Қазталовта «Қызғалдақ көктем» фестивалі басталды

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында жастарды табиғатты аялап қорғауға шақыру арқылы жаңа қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге белсене атсалысу мақсатында Қазталов ауданы, Қайыңды ауылының қызғалдақты алқабында «Қызғалдақ көктем – Тюльпанная весна» эстрадалық әндерді орындаушылардың I Халықаралық байқауы басталды.

Байқауға келген қонақтар қызғалдақты алқаптағы «Гүлдер калейдоскопы» көрмесін тамашалаудан бастады. Бұдан кейін фестивальдің ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Абат Шыныбеков, БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов, Саратов облысы, Александров-Гай муниципиалды аудан басшысының орынбасары Алла Луговская, БҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қадырболат Мұсағалиевтер құттықтау сөз сөйледі.

Қатысушылар алдында  100 орындаушы қазақтың күйлерін орындап, ақындар Қайыңды қызғалдағына арналған өз туындыларын оқып берді.

Ашылу салтанатынан соң қонақтар арнайы ұйымдастырылған этноауылды тамашалады. Этноауыл әртүрлі бағыттағы секторлардан жабдықталған. Бұнда қазақ ұлтының ежелгі ұлттық қолөнері, тағамдары, зергерлік бұйымдары, ұлттық киімдері және салт-дәстүрлерімен танысуға мүмкіндік берілген.

IMG_0606Фестивальдің құрметіне 1 мамыр күні Қазталовтан Қайыңдының қызғалдақты алқабына дейін веложорық ұйымдастырылған еді. Сол веложорықшылар ауданның Бостандық, Жаңажол, Жалпақтал, Ақпәтер ауылдық округтерінің үстімен өтіп,  барлығы 150 шақырымды артқа тастап, фестиваль өтіп жатқан алқапқа келіп, сап түзеді. Қызғалдақты алқапта көрермендерге қазақ халқының ұмыт болып бара жатқан ұлттық ойындары – садақ ату, аударыспақ, күрес, күш сынасудың көріністері ұсынылды.

Ауданымызда алғашқы рет, соның ішінде ашық аспан астында, қызғалдақғы жайқалған алқапта табиғатты қорғау тақырыбына арналған «Бірге қорғаймыз» атты сұхбат алаңы өткізілді. Бұл сұхбат алаңында табиғат кереметінің бірі – көктем шыға көздің жауын алып, қырларда құлпырып, жайнайтын қызғалдақ гүлін қорғау жөнінде келелі әңгімелер айтылды.

Осыдан соң «Қызғалдақ көктем – тюльпанная весна» эстарадалық әндерді орындаушылардың бірінші халықаралық байқауына қатысушылардың жеребе таңдау рәсімі өткізілді. Айта кету керек, ән байқауына еліміздің Астана, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарынан және Ресей елінің Самара, Орынбор, Саратов облыстарынан 30 үміткер  қатысуға ниет білдіп отыр. Байқауға қатысушылар өздерінің сахнада өнер көрсететін реттік нөмірлерін анықтады. Осы халықаралық байқауға төрелік ететін әділқазылар құрамында «Құрмет» орденінің иегері, әнші-композитор Донеділ Қажымов, «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» Гүлнар Дәукенова, әнші-композитор Жаскелең Ғайсағалиев, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының жетекші солисі Дина Хамзина, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік халық аспаптар оркестрінің директоры Нұрғиса Дәуешов, әнші Марат Сарбөпеев бар.

Жеребе суыру рәсімінен кейін аудан көркемөнерпаздары келген қонақтарға «Гүлдер әуені» атты концерттік бағдарламасын ұсынды.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ,

Қазталов ауданы

IMG_0371 IMG_0431 IMG_0467 IMG_0531 IMG_0593 IMG_0622 IMG_0660 IMG_0692 IMG_0707 IMG_0714 IMG_0746

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале