10.07.2018, 15:11
Оқылды: 65

Қазталовта мал азығын дайындау қарқынды жүруде

senokos1Жоспарға сәйкес, аудан бойынша 350 мың тонна табиғи мал азығын дайындау қажет. Бұл жұмыстарды атқаруға 260-қа жуық техникалар іске  қосылған.


16 округтегі мал азығын дайындау барысы туралы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметіне сүйенсек, Тереңкөл ауылдық округі 29 пайыз орындаумен алда келеді.

Сонымен қатар жеке тұрғындар да қолдарындағы малдарының қысқы азығын дайындау үшін күн-түн демей білек сыбана кірісуде. Мәселен, Қазталов ауылының жанындағы Солдаткөлдің 260 га (суармалы көл) жері 181 тұрғын  адамдарға бөлініп берілді. Биылғы жылы су шығарылғандықтан, шөптің түсімі де жаман емес. Гектарынан 7,5 центнер шөп дайындалуда. Бұған қоса  ауданның шаруа қожалықтары далалық шабындықтардың да шөбін шабуда.

Әсем  БОЛАТ

Қазталов  ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале