15.11.2018, 10:35
Оқылды: 48

Қазталовта мекеме мен ұйым қызметкерлері таңертең жүгіруді дағдыға айналдыруда

Бүгін, 15 қараша күні Қазталов ауданы әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Нұрлығали Дүйсеков, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің меңгерушісі Мирбол Адаялиев және аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері Елбасы жолдауында айтылған міндеттерді күнделікті дағдыға айналдыру мақсатында жүгіріп, таңертеңгілік жаттығулар жасады.

IMG_1644

         -Бұндағы мақсат бұқаралық спортқа аудан тұрғындарын кеңінен қамту. Осындай бастама арқылы жұмасына үш рет өткізілетін таңертеңгілік жүгіруге тек қызметкерлер емес, ауыл тұрғындары да қатысса деген ниет бар, - дейді Зәйлім Исатайқызы.

IMG_1652

Гүлнұр ҚАЗБЕК,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале