8-707-808-48-55
Қазталовта облыстық «Күміс шабақ – 2018» велосипедшілер жарысы өтті

Kaztalov veloҚазталов ауданында велосипед туризмі техникасынан облыстық «Күміс шабақ – 2018» жарысы өз жалауын көтерді. Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен Астана қаласына 20 жыл толуына орай өткізілген велосипедшілер сайысына Ақжайық, Бөкей ордасы, Бөрлі, Жәнібек, Зеленов, Қазталов, Қаратөбе және Тасқала аудандары мен Орал қаласының командалары қатысты.


Үш күнге созылған веложарыс «Мәнерлеп жүру», «Триал», «Велобағдарлау» кезеңдері бойынша қатысушылардың жылдамдықтары мен ептіліктерін сынға салды.

Жарыс қорытындысында ұлдар арасындағы мәнерлеп жүруден І орынды қазталовтық Д.Бектұрғанов алса, ІІ орынды жәнібектік А.Бақтығали иемденді, ал ақжайықтық К.Жамбыл ІІІ орынның тұғырынан көрінді.

"Триал" қашықтығынан өту кезеңі бойынша ұлдар командалары арасында топ жарып, үздік деп танылған Жәнібек ауданының велошабандозы О.Еселтаев І орын алса, бөрлілік А.Бахитов ІІ орынға жайғасты, ал қаратөбелік З.Сабитов ІІІ орынға лайық деп танылды.

Kaztalov velo (1)Қыздар арасындағы "Триал" қашықтығынан өту кезеңі қорытындысында Бөрлі ауданының шабандозы Д.Сахипедиева І орынның биігінен көрінсе, зеленовтық А.Стозуа ІІ орынды еншіледі, ақжайықтық А.Өтемісова ІІІ орынды қанағат тұтты.

Жалпыкомандалық есеп бойынша, Қазталов ауданы бірінші, Бөрлі ауданы екінші, Жәнібек ауданы үшінші орындарды иемденіп, жеңіс тұғырын бағындырған оқушылар мен жеңімпаз командалар арнайы грамоталармен кубок, медальдармен марапатталды.

Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының туризм жəне қауіпсіз маршруттар бөлімінің меңгерушісі Кəмшат Ниеталиева Қазталов аудандық балалар, жасөспірімдер туризмі жəне экология орталығының еңбек ұжымына ұйымдастырушылар атынан ризашылығын білдіріп, орталық директорының міндетін атқарушы Аслан Сарсембиевке алғыс хат табыстады.

Гүлнұр ҚАЗБЕК

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Ұқсас жаңалықтар Басқа да жаңалықтар
Пікір қалдыру