25.05.2017, 11:52
Оқылды: 98

Қазталовта оқу озаттары атанғандардан "Үздіктер шеруі" өтті

Kaztalov yzdikter sherui 02   Бүгін Қазталов орта жалпы білім беретін мектебінде "Соңғы қоңырауға"  арналған салтанатты шара өтті. Салтанатты шарада 2016-17 жылдардағы оқу жылында оқу озаттары атанған оқушылар қатысқан "Үздіктер шеруі" өтті.


  Салтанатты шарада сөз алған мектеп директоры Әлия Жақсыбаева,-кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеген бүлдіршіндер бүгін алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр. Барлық түлектерге сәтті сапар тілейміз!- деген ұстаздық тілегін жеткізді.

   Сонымен қатар шараға арнайы қатысқан аудандық мәслихат депутаты Еркін Ғазизов, аудан әкімі аппаратының басшысы Артур Берденов және ардагер ұстаздар да ыстық ықыласқа толы лебіздерін жеткізді.

      Шара оқушылардың әсем әуенге толы әндері мен билеріне жалғасып, көптен күткен соңғы қоңырау үніне ұласты.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале