4.06.2019, 16:52
Оқылды: 95

Қазталовта рәміздер күніне орай авто және вело шеру өтті

ҚР Рәміздер күніне орай аудан орталығы Қазталов ауылында «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздігіміздің нышаны» атты мерекелік шара өтті.

IMG_5468

Мерекелік шара алдымен аудандық  балалар-жасөспірімдер туризм және экология орталығы мен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық ұйымдастырған авто және вело шерумен басталды. Бұл шеруге аудан орталығындағы мекеме, ұйым қызметкерлері мен аудан тұрғындары қатысты. ҚР Рәміздер күніне орай ұйымдастырылған шеруде 11 көше қамтылып, 28 автокөлік пен 75 велосипедті тізгіндеген ту ұстаған азаматтар 7,5 шақырым жолды жүріп өтті.

IMG_5459

Шеру соңында аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова шеруге қатысушыларға алғыс айтып, тілегін жеткізді.

Одан әрі мерекелік шара аудандық мәдениет үйінде жалғасты. Мемлекеттік Әнұран орындалғаннан кейін, аудан әкімі Абат Шыныбеков жиналған қауымды құттықтады.

- Бүгін біз айбынымызды асырып, рухымызды аспандатар, қыраны күнді құшқан құдіретті көк Туымызды, ерлік пен елдіктің иісі аңқыған қасиетті Елтаңбамызды,  қасқайып оң қолымызды жүрек тұсына қойып шырқайтын әуезді Әнұранымызды мақтан етеміз. Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын. Мәңгілік Еліміздің көк байрағы биіктен желбірей берсін! - деді Абат Абайұлы.

IMG_5543

Мерекелік шара барысында аудан басшысы ортақ мүддеге жұмыс жасап, белсенділік танытқаны үшін өңір басшысы Алтай Көлгіновтың алғыс хатын Талдыапан мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Берік Жапаровқа, Сарықұдық фельдшерлік-акушерлік пунктінің медбикесі Светлана Габдуллинаға, «Қуан Құрылыс» ЖШС директоры Нұрлыбек Хайруллинге, жеке кәсіпкер Индира Әлібекова мен Мардан Жолдыбаевқа, шаруа қожалық жетекшілері Махамбет Тайгаренов, Жанболат Ахметқалиев, Достық Журасов, Дархан Аябалиевқа және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішов пен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының маманы Аян Каримуллиеге тапсырды. Сондай-ақ бір топ сала қызметкері аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. 

Мерекелік шара аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздарының концертімен түйінделді.

Гүлім Манат,

Қазталов ауданы,

                                                                                               zhaikpress.kz

IMG_5587 IMG_5594 IMG_5614

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале