2.08.2019, 11:30
Оқылды: 161

Қазталовта сұлулық салоны ашылды

Аудан орталығы Қазталовта "Ару" сұлулық салоны ашылды. Нысанның ашылу салтанатында сөз алған "Nur Otan" партиясының Қазталов аудандық филалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин, аудандық ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің орынбасары Айбек Ақмалиев тұрғындарға қызмет ететін жаңа кәсіп иелерін құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

salon Aru (2)

Салонда өте тиімді бағамен қазіргі заман талабына сай тырнақ күтімі (маникюр, педикюр), әрлеу (макияж), шаш үлгілерін жасау сияқты қызметтер көрсетіледі. Оған қажетті жаңа жабдықтар жеткілікті.

salon Aru (1)

- Өз қаражатымызға жеке үйді сатып алып, салон ашу үшін күрделі жөндеу жұмыстарын жасадық. Келінім Асыл арнайы Ақтөбе қаласынан оқып келді. Қызым салонына өз командасын жинақтайды,- деді "Ару" сұлулық салонының иесі Күнсұлу Тайғаренова.

salon Aru (4)

salon Aru (3)

 

 

                                                                                             Диана МЕДЕТҚЫЗЫ

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале