24.01.2019, 11:09
Оқылды: 102

Қазталовта тапқыр техниктер көп

Қазталовтық Махамбет Бермағанбетовтің қолдан құрастырған «тягачы» мен Өтепберген Бегжановтың «вездеходы» түрлі шаруаларға пайдаланылып жатқаны туралы жаңалық облыс емес, республикаға да қызығушылық танытуда. Енді соның жалғасындай ауданымыздың тағы бір шалғайында төрт түлік мал өсірген, жылқы десе жанын беретін бостандықтық Нұрлан Нұғмановтың да он саусағынан өнер тамған шебер екенін жеткізуді мақсат еттік.

IMG-20190124-WA0008

Нұрлан жиырма жасында ен даладағы иесіз қалған қыстауға 10 қоймен барып, бүгінде «Қамыстыкөл» қыстауын мыңғыраған малға, дала төсін жылқының дүбіріне толтырған ірі шаруа қожалық иесіне айналды. Бостандық ауылынан 40 шақырым жерде мал өсіріп жатқан Нұрлан техниканы шебер меңгерген. Мына суреттен көріп отырғандарыңыздай УАЗ автокөлігіне 12 тонналық тіркеменің доңғалақтарын қондырып, ат бауырынан келетін қалың қарда тоқтамайтын көлік құрастырды. Нәтижесінде Нұрлан ауылмен байланыс жасауға да, басқа шаруаны атқаруға да еш қиналмауда.

– Қыс айының өз қиындығы болып жатыр ғой. Ал шалғайда тұратын «Екпін» шаруа қожалығының жетекшісі Нұрлан Нұғмановтың жағдайына алаңдаушылық жоқ. Себебі мына қолдан құрастырылған техникасымен өзінің барлық шаруасын шешуімен қатар, сол бағыттағы «Бекіш», «Қурайлы», «Ибатшеген» қыстақтарында тұратын шаруа қожалықтарының шаруаларына да қол ұшын беруде. Осындай азаматтармен қыстың қиындығын жеңетінімізге сеніміміз мол, - дейді Бостандық ауылдық округінің әкімі Манарбек Сүндетов.

Серік Жұмағалиев,

Қазталов ауданы

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале