16.05.2018, 17:11
Оқылды: 43

Қазталовта ұлттық ойындардан жарыс өтті

Рамазан айының басталуына орай аудан жастарының ұйымдастыруымен ауыл тұрғындары арасында ұлттық ойындардан жарыс өтті.

Жарыстың ашылу салтанатында аудандық мешіт имамы Жандосбек Құсайынов сөз алып, барша жамағатты Рамазан айымен құттықтады. Жарыс нəтижесінде қол күресінен I орын Алихан Жангереев, II орын Əскербек Төлемісов, III орын Жəңгір Серікқали, гір тасын көтеруден I орын Мейрам Ғиляжев, II орын Айдын Елемесов, III орын Жəңгір Серікқали иеленсе, асық ату, арқан тартысқа қатысқан барлық спортшыларға да жайнамаз, таспих, тақия, тұмар тағы басқа да сыйлықтар табысталды.

«Ауыл айнасы» ақпарат

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале