7.08.2018, 16:30
Оқылды: 64

Қазталовта ұрылар ұсталды


Мән-жайды аудандық жергілікті полиция қызметінің орынбасары, полиция майоры Бисебай Төлепов жедел хабарлады.


IMG_5884

- Тамыздың 6-ына қараған таңда Қазталов ауылдық округіне қарасты «Меңдәлі» қыстағынан иесі Бейімбет Жакуповтың мал қорасынан 3 бас қой ұрланды. Сөйтіп мал иесіне 69 мың теңге зиян келтірді. Осы ұрлыққа байланысты тергеуші Жарас Уәлиахметов, жедел уәкіл Исатай Захаров, криминалист Дәурен Есқалиев, учаскелік инспекторлар Нұркен Қалманов, Ернар Хамитов бастаған жедел тергеу тобы іске кірісті.

Ізін суытпай ұры ұсталды. Ол – Орал қаласының тұрғыны, 1972 жылы дүниеге келген Ф. есімді азамат. Сонымен қоса бұның Қазталов ауылындағы екі сыбайласы да құрықталды. Қазіргі күнде ҚРҚК-ның 188 бабы, 2 бөлімі бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде, - деді.

Тәртіп сақшылары мал ұрлығының алдын алуда жеделділік көрсетті. Себебі, ауылдық жердегі қылмыстың көбі мал ұрлығына қатысты. Әсіресе жақындап келе жатырған күз айында мал ұрлығы фактілері көп кездеседі. Бұдан бұрын да мал ұрлығына қатысты қылмыстардың астарына үңіліп қарасақ, көбінесе сыбайластар ауылдан шығатындары байқалады. Өмір көрсетіп отырған осындай келеңсіздіктерге ауылдағы ағайындардың өздері қолдаушы болатыны көңілге кірбің ұялатады.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ,

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале