2.02.2018, 12:33
Оқылды: 61

Қазталовта үш білім беру мекемесінің шатыры кәсіпкерлердің көмегімен жөнделген

Бұл жайлы аудан әкімі Абат Шыныбеков халық алдындағы есебінде айтты.

 Былтыр «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде Қ.Бозымов, А.Айтимов, А.Қарағойшин сияқты елдің жомарт азаматтары көмегімен 3,3 млн. теңгеге Бірік мектебінің жатақханасы, Қараөзен мектебінің шағын орталығы, Бостандық бастауыш мектебінің төбесіне жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жалпақтал ауылындағы «Ертегі» бөбекжайын күрделі жөндеу жасауға облыстық бюджеттен 93,6 млн.теңге және Қошанкөл ауылындағы Ғ.Беғалиев атындағы орта мектебіне күрделі жөндеу жұмысына 167,581 млн. теңге бөлінген.

Аудан мектептеріне 49,6 млн. теңгеге 100 мультимедиялық құрылғы алынып, 43 мектепке кең жолақты интернет желісін қосуға 18,2 млн. теңге бөлінген. Қараоба, Болашақ, Қараөзен және Көктерек ауылдарының мектептеріне  балалар тасымалы үшін жаңа автокөліктері алынған.

- Болашақ – жас ұрпақтың қолында. Оларды жоғарғы технологияға толы жаңа өмірге дайындаудың таптырмас жолы - робототехника курсын енгізу. Осы бағытта 20 орта мектеп робототехника құралдарымен қамтылды,-дейді аудан әкімі Абат Шыныбеков. Әкімнің халық алдындағы есептік кездесуіне облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысуда.

zhaikpress.kz

Сурет: Айбатыр Нұраш

kaztalov (15) kaztalov (11) kaztalov (9)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале