30.12.2017, 21:10
Оқылды: 45

Қазталовта үш пəтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді

IMG_4493Қазталов ауданы Талдықұдық ауылдық округінде Жаңа жыл мерекесі қарсаңында 3 пәтерлі үйдің кілті табысталды.

Тұрғын үйдің ашылу салтанатына арнайы келген аудан әкімі Абат Шыныбеков ауыл тұрғындарын Жаңа жылмен құттықтап, жаңа үйге қоныстанушы 3 отбасыға пәтер кілттерін табыс етті.

Құны 15 млн. теңге тұратын тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын «ӘсемПроект» ЖШС жүргізген. Әсіресе, Талдықұдық ауылының жандануына үлес қосып жүрген ауыл жанашыры, «ӘсемПроект» ЖШС-нің директоры Манарбек Ыдрысовқа тұрғындар дән риза.

Сонымен қатар Бостандық, Қаракөл ауылдарында«Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша таза ауыз су жүйелері іске қосылды.
Құрылыс жұмыстары биылғы жылдың сәуір айында басталған бұл жобаға республикалық бюджеттен 336 млн. 470 мың теңге қаражат бөлінген болатын. Құрылыс жұмыстарын мердігер «Жиенбай» ЖШС атқарып, мезгілінен бұрын аяқтап отыр. 1700-дей тұрғыны бар Бостандық, Қаракөл ауылдарына Сарыөзен өзенінен тартылған су тазарту қондырғысы арқылы өтіп, әрбір үйге жеткізілуде.
Таза ауыз су жүйесінің іске қосылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Абат Шыныбеков барша тұрғындарды осындай жобаның аяқталуымен құттықтай отырып, құрылыс жұмыстарын сапалы да мерзімінен бұрын аяқтаған «Жиенбай» ЖШС-нің директоры Александр Қарағойшинға ауыл тұрғындары атынан алғыс білдірді.
Сонымен қатар аудан әкімі таза ауыз суға қол жеткізген бостандықтық Болат Ескендіровтің шаңырағында болып, үй иелерінің қуанышымен бөлісті.

Қайрат ЖАҚЫП,

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале