15.10.2018, 11:12
Оқылды: 62

Қазталовта Хаби Жақыпов атындағы тарих сыныбы ашылды

1866 жылы 17 қазанда Мемлекеттік жоғарғы кеңес Бөкей Ордасында 7 жаңа старшындық мектеп салуға шешім шығарды. Осы мектептің біреуі 1868 жылы Таловта (Казталовка) ашуға 1050 сом қаражат бөлініп мектеп ашылады, бұл ауылдағы тұңғыш жаңа типтегі мектеп болатын. Мектепті салуға және ашуға сол кезде Қамыс-Самар мен Таловка правителі болған тарихта есімі белгілі Мұхамет-Салық Бабажанов көп еңбек сіңірген.

Алма оразбаева (10)

Қазталовта 150 жылдығын атап отырған А.Оразбаева атындағы білім ордасынан республика көлеміне танымал тұлғалардың шығуы – мектеп мәртебесін жоғарлатқандай.

        Жиын қоғам қайраткері Алма Оразбаеваның бюстіне гүл шоғын қою рәсімімен жалғасып, қонақтар тарихтан сыр шертер мектеп музейін аралады.

Елі үшін аянбай еңбек еткен, туған жерінің өркендеуіне үлес қосқан азаматтың бірі Қазақстанның Еңбек сіңірген заң қызметкері –Хаби Жақыпов. Ол Жаңақала ауданында 1 жыл ұстаздық қызметте болып, 40 жылдай Қазталов ауданының сот төрағасы болып жұмыс жасады. Мектепте Хаби Жақыповқа арналған сынып ашылды. Сыныптың лентасын ұлы Мирболат Жақыпов пен Абулхатина Сақыпжамал қиды.

Айта кетейік, сыныптың ашылуына аудан әкімшілігі мен Х.Жақыпов атындағы қоғамдық қор қолдау көрсеткен. «Би атанған Хабақаң» атты презентация таныстырылып, ұрпағы, 11сынып оқушысы Диляра Сәкенова арнауын оқыды.

Алма оразбаева (12)

Гүлнұр ҚАЗБЕК,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале