18.05.2017, 11:17
Оқылды: 83

Қазталовта Хадиша Бөкеева атындағы көше тұрғындары ерекше шара өткізді

Қазталов ауылдық округінің ұйымдастыруымен Хадиша Бөкеева атындағы көше тұрғындары Қазақстан жәнеКСРО-ның халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор, жерлесіміз Хадиша Бөкееваның 100 жылдығына орай көше тойын өткізді.


Мерекелік шарада сөз алған Қазталов ауылдық округі әкімінің орынбасары Баймағамбет Сағадденов және ауылдық ардагерлер бастауыш ұйымының төрағасы Мұқанғали Бектілеуов айтулы мерекемен тұрғындарды құттықтаса, ауыл тұрғындары, еңбек ардагерлері Шайхолла Малаев пен Чиеослан Адошева Хадиша Бөкева туралы естеліктер айтып берді.

Шарада көше тұрғындары әзірлеген мерекелік дастархан жайылып, шараға қатысқан қонақтарға дәм ұсынып, ауыл көркемөнерпаздары әннен шашу шашты. Сонымен қатар ауылдық округ атынан Х.Бөкеева атындағы көшенің ең үлен тұрғыны Зеріпқаным Қойшыбаеваға және ең кіші тұрғыны Мансұр Амантайға алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етілді. Ал көшенің тұрғындары Шаймардан Қазиханов пен Бәтес Хайрушеваларға ауыл тазалығын сақтауда үлгі көрсеткендері үшін «Үлгілі үй» тақтайшасы мен алғыс хаттар табысталды. Сахна майталманы атындағы көшенің тұрғындары бұл шарада ынтымақ пен берекенің үлгісін көрсетті десек артық болмас.

 Қайрат ЖАҚЫП,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале