20.10.2020, 16:32
Оқылды: 49

Казталовта жадынамалар таратылды

20 қазан күні Казталов аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары арнайы белгіленген мобильді топпен бірге Жалпақтал ауылындағы азық- түлік және азық-түлік емес дүкендерді аралап, елдің берекетін қашырған коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында алдын ала түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 IMG-20201020-WA0005

Мамандар тарапынан сауда нүктелеріне арнайы жадынамалар таратылды.
Ауыл тұрғындарын індеттен сақтандыру мақсатында жүзеге асып жатқан осындай шаралар басқа да елді мекендерде жүзеге асырылатын болады.

 

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале