12.09.2018, 17:55
Оқылды: 77

Қазталовта ағайынды Сыралиевтер туған ауылына фельдшерлік-акушерлік пункт салып берді

Қазталов ауданы Әжібай ауылында қуанышты оқиға. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында осы елдің төл перзенттері, ағайынды Асқар, Нұрлан, Ақылбек, Мейрам, Абзал Сыралиевтер туған ауылына фельдшерлік-акушерлік пункт салып берді.

IMG_7413

Әжібай ауылында өскен, бүгінде облыс орталығында құрылыс жұмыстарымен айналысатын ағайынды жігіттер өз қаражаттарынан 15 млн. теңге жұмсап, нысанның құрылыс жұмыстарын екі айдың ішінде бітірді.

Нысанның ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Абат Шыныбеков Әжібай ауылының тұрғындарын құттықтап, жомарт жанды азаматтарға ел атынан алғысын білдірді.

Салтанатты шарада  Асқар Сыралиев фельдшерлік-акушерлік пункттің кілтін аудандық орталық аурухананың директоры  Қайырбай Алтаевқа  табыс етті. Айтулы шараға арнайы келген облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнара Абдрахманова жомарт жігіттерге алғысхат пен естелік сыйлық тарту етті. Ал осындай игі іске ризашылықтарын білдірген әжібайлықтар  ағайынды жігіттерге шапан жауып, сәйгүлік мінгізді.

Салтанатты шарада жаңадан салынған нысанның лентасы кесіліп, жиналған көпшілік фельдшерлік-акушерлік пункттің ішін аралап көрді. Бүгінгі заманға сай салынған бұл нысанға қажетті коммуникациялар жүйесі тартылып, фельдшерлік кабинет, екпе бөлмесі, акушерлік кабинет, күндізгі ем алатын бөлме де бар. Кабинеттердің бәрі де толықтай жаңа қондырғылармен жабдықталып,  білікті мамандар ауыл тұрғындарының барлығына да қажетті медициналық көмек көрсетуге әзір.

Қайрат ЖАҚЫП,

Қазталов ауданы

IMG_7419

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IMG_7416

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале