19.12.2018, 11:54
Оқылды: 54

Қазталовта жаңа кітаптың таныстырылымы өтті

Қазталов ауданы Қошанкөл ауылында «Менің Қошанкөлім»  атты тарихи-танымдық кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

 kitap (3)

 Қошанкөл ауылының тарихынан сыр шертетін кітап жобасының авторы ел азаматы Арман Бегалиев болса, кітапты дайындаушы журналист, облыстық «Орал өңірі» газеті бас редакторының орынбасары, Ақпарат саласының үздігі Сәкен Әбілхалықов. Кітаптың тұсаукесерінде сөз алған аудан әкімі Абат Шыныбеков:

-Еліміздің дамуына Ақжайық елі үлес қосуда. Соның ішінде біздің ауданның үлесі зор деп айтуға болады. Ал ауданның дамуында Қошанкөл ауылының алатын орны ерекше. Атап айтқанда бұл өлкеде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда. Өткенді білмей болашақты бағдарлау қиын. Ел азаматы Арманның арқасында Қосжан атаның ұрпақтарымен жүздесудің де сәті туып отыр,-деді.
Шараға қатысқан М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Жаңабек Жақсығалиев:

 - Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының екінші бөлімі «Тарихи сананы жаңғырту» деп аталады. Батыс Қазақстанның тарихшылары әр өлке туралы «Өлкетану» кітабын жазды. Осы бір «Өлкетану» кітабының бір параграфы «Жердің аты – тарихтың хаты» деп аталады. Бүгін жарық көріп жатқан кітап сонымен үндесіп жатыр. «Қошанкөл» ауылы – халықтық атау, - деді.

 Жиында ақын, тележурналист Мұнайдар Балмолда «Қосжан батыр» өлеңін оқыды.

kitap (1)

Гүлнұр ҚАЗБЕК,

Қазталов ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале