10.10.2019, 10:56
Оқылды: 47

Қазталовта жану-жағармай бекеті жаңарды

Қазталов ауданында 10-ға жуық жану-жағармай бекеті болса, орталықта 3 жану-жағармай және 1 көгілдір отын құю бекеті жұмыс жасайды.

qaztalov (2)

Соның бірі – «Москвичи» жану-жағармай бекеті күрделі жөндеуден өтіп, халықтың сұранысына сай қайта жаңарды. Қазталов ауылына кіреберістегі жаңаланған бекеттің ашылу салтанаты өтті.

Ашылу салтанатында аудандық мәслихат хатшысы Сәрсенбай Молдашев сөз алып, тұтынушы көп болсын деген тілегін жеткізді.

«Москвичи» ЖШС директоры Исатай Мұқанғалиев:

qaztalov (3)

- Аудан орталығындағы жану-жағармай бекетін күрделі жөндеуден өткізіп, бүгін халықтың пайдалануына беріп жатырмыз. Біздің мақсатамыз – жергілікті тұрғындарға сапалы қызмет көрсету. Бұл жерде енді осыған дейін 3 адам қызмет жасаса, тағы 3 адамды жұмыспен қамтыдық, - деп «Айбын» спорт клубына 200 литр талонның сертификатын табыстады.

Ал тұрғындарды тасымалдайтын жүргізуші Берік Әліпқалиев қуанышымен бірге, ұсыныс та айтты.

qaztalov (4)

-Жану-жағармайдың жаңартылып ашылғанына қуаныштымыз. Барлық жағдай жасалған. Көбіне жүргізушілердің тарапынан қиындық туып жататын еді. Енді міне заманауи талапқа сай жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ ішінде жол-жөнекей кетіп бара жатқан жолаушыға да, машинаға да қажеттілердің барлығын таба аламыз. Жүргізушілер тарапынан жану-жағармайдың бағасы сәл төмендесе деген ұсынысым бар,- деді.

Жұлдыз Асқар

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале