10.07.2018, 14:08
Оқылды: 60

Қазталовта «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 20 сарбаз еңбек етуде

Zhasyl elҚарбаласқа толы қаланың у-шуынан, таңертеңнен кешке дейін өтетін лекциялардан, практикалық сабақтардан босаған студенттер жазғы демалысты тиімді пайдаланып, «Жасыл ел» бағдарламасына қатысуда.


 

Қазталов ауданындағы «жасылелдік» 20 сарбаздың 10-ы Қазталовта, 10-ы  Жалпақталда жұмыс жасауда.

Аудан орталығында жұмыс жасап жатқан 10 сарбаз Х.Жақып көшесіндегі өсіп тұрған тал-теректерді күтімге алып, тиісті жұмыстарын атқарса, енді ауылдың басқа жеріндегі  саябақтардағы жұмыстарын жалғастыруда.

-Оқу мен еңбекті ұштастыра білген  жастар берілген тапсырмаларды  мүлтіксіз орындауда, -дейді аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Райымбек Нұрекешов.

Әсем  БОЛАТ

Қазталов  ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале