13.09.2018, 16:15
Оқылды: 57

Қазталовта «Жомарт жүрек» сыйлығы табысталды

Қазталовта «Жомарт жүрек - 2018» сыйлығының лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

jurek (5)

            Арнайы шақырылған қонақтарға көрме ұйымдастырылып, аудандағы «Рухани жаңғыру» бағдарлама аясында жыл басынан атқарылған жұмыстар, жүзеге асқан жобалар, кітаптар презентациясы (жер-су атаулары, сазгерлер жинағы) мен 2017 жылы өткен жерлестер форумының бейнефильмі көрсетілді.

Еңбек ардагері, Қазталов ауданының «Құрметті азаматы», меценат Кәрім Өтеғұлов «Нұрсай» кіреберіс жол белгісін орнатқан Тереңкөл мектебінің 1998 жылы бітірген түлектеріне, Қарасу ауылындағы мектеп ауласын абаттандыру жұмыстарын жүргізген Қарасу мектебінің 1998 жылы бітірген мектеп түлектеріне, Ғ.Молдашев және К.Меңдәлиев мектептеріне светодиодты табло орнатқан 2008 жылы бітірген мектеп түлектеріне, Қараөзен ауылында саябақты абаттандыру жұмыстарын жүргізген Қараөзен мектеп - лицейін 2008 жылы бітірген мектеп түлектеріне, сонымен қоса «Жаңажол» кіреберіс жол белгісін орнатқан Жаңажол орта мектебінің 1993 жылы бітірген мектеп түлектері мен «Менің жүрегім – Талдықұдық» светодиодты композициясын орнатқан Талдықұдық орта мектебін 2003 жылы бітірген мектеп түлектеріне «Жомарт жүрек» сыйлығы мен алғысхат табыстады.

            Мотивациялық жоба жетекшісі, «История успеха» журналының редакторы Альбина Байқонақова А.Хұсайынов орта мектебінің ауласына орнатылған субұрқақ үшін А.Хұсайынов атындағы орта мектептің ұжымына, «Қайыңды» кіреберіс жол белгісін орнатқан Қайыңды 1998 жылы бітірген мектеп түлектеріне, «Атамекенім – Қошанкөл» светодиодты композициясын орнатқан Ғ.Бегалиев атындағы орта мектебін 1993 жылы бітірген мектеп түлектеріне, «Менің жүрегім – Қарасу» светодиодты композиция орнатқан Қарасу орта мектебін 2003 жылы бітірген мектеп түлектеріне, Қарасу мектебінің ауласына субұрқақ орнатқан Қарасу орта 1993 жылы бітірген мектеп түлектеріне және «Менің жүрегім – Жаңажол» светодиодты композициясын орнатқан Жаңажол орта мектебін 1988 жылы бітірген мектеп түлектеріне «Жомарт жүрек» сыйлығы мен алғысхатын табыстады.

            Батыс Қазақстан облысы өңірлік-жобалық офистің менеджері Гүлсім Ұсағалиева «Менің жүрегім – Әжібай» светодиодты композиция орнатқан Бірік орта мектебін 1998 жылы бітірген мектеп түлектеріне, «Менің жүрегім – Көктерек» светодиодты композиция орнатқан Көктерек орта мектебін 2008 жылы бітірген мектеп түлектеріне, балалар ойын алаңан сыйға тартқан Қараөзен мектеп-лицейін 1998 жылы бітірген мектеп түлектеріне, «Жұлдыз. Қош келдіңіздер!» жол белгісін орнатқан А.Хұсайынов атындағы орта мектебінің 2008 жылғы мектеп түлектеріне, Қазталов ауылындағы «Жеңіс» саябағына балалар ойын алаңын салған жеке кәсіпкер Светлана Ғұбашеваға және «Бостандық» кіреберіс жол белгісі орнатқан Бостандық орта мектебін 1998 жылы бітірген мектеп түлектеріне «Жомарт жүрек» сыйлығы мен алғысхат табыстады.

Аудандық мәслихат хатшысы Сәрсенбай Молдашев Көктерек ауылына балалар ойын алаңын саябағын салған Қазталов аудандық мәслихатының депутаты Руслан Сарбаев пен Көктерек орта мектебін 1998 жылы бітірген мектеп түлектеріне, Бостандықтағы «Өлкетану» мен Қабира Салықова арналған музей ашқан құқық қорғау саласының ардагері Салықов Ғинаят және ауыл кәсіпкерлеріне, Нұрсай ауылында тарихи-өлкетану музейін ашқан «Береке» шаруа қожалығының жетекшісі Құрманбек Шынәлиев және жеке кәсіпкер Сағадат Ахметовқа, «Асыл домбыра» монументі Көктерек орта мектебін 1988 жылы бітірген мектеп түлектеріне және Жалпақталда «Жастар» саябағын ашқан мектепті 1978 жылы бітірген мектеп түлектеріне, Нұрсай ауылында «Мәңгі ұмытылмас есімдер» монументін орнатқан “Кеңдала” шаруа қожалығының жетекшісі Әбуғали Ғұмаров және жеке кәсіпкер Дамир Балмулдинге «Жомарт жүрек» сыйлығы мен алғысхат табыстады.

Аудан әкімі Абат Шыныбеков «Алтыбақан» алаңын ашқан «Асқар» шаруа қожалығының жетекшісі Дархан Аябалиевті, Қошанкөлдегі «Шаңырағы биік ел бірлігі, ел теңдігі» жол белгісін орнатқан Ғ.Бегалиев атындағы орта мектебін 1998 жылы бітірген мектеп түлектерін, Ақпәтерде орталық саябақ ашқан Ақпәтер орта мектебін 1998 жылы бітірген мектеп түлектерін, Жалпақталға «STREET WORKOUT» орнатқан мектепті 1998 жылы бітірген түлектерді, Қазақстандық қылқалам шебері, суретші Сәкен Ғұмаровтың құрметіне ескерткіш орнатқан «Казком» банкінің БҚО филиалының төрағасы Мирғат Ахметов, С.Ғұмаров атындағы қордың тең төрағасы, техника ғылымдарының докторы, академик Талант Оразғалиевке, Жалпақталда «Батырлар» аллеясын ашқан 1983 жылы бітірген мектеп түлектері мен күні бүгін Әжібайда ашылу салтанаты өткен фельдшерлік-акушерлік пунктті халық игілігіне берген ағайынды Сыралиевтерді «Жомарт жүрек» сыйлығымен марапаттап, алғысхат табыстады.

Туған жерге деген патриотизм мен сүйіспеншілікті нық қалыптастырып, жетістіктерге жеткен жерлестеріміздің туған өлкелеріне деген сый-құрметі өзінің емес, өзгенің қамын ойлап, тынымсыз еңбекпен танылған азаматтар мен азаматшалардың құрметіне әулетіп ән шырқалып, мың бұралып би биленіп, көркемөнерпаздар өз өнерлерін паш етті.

Гүлнұр ҚАЗБЕК,

Қазталов ауданы

jurek (2)jurek (1) jurek (3) jurek (4)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале